Трамп Вашингтон мен Астана арасындағы ынтымақтастықтың, әсіресе халықаралық қауіпсіздік және ірі коммерциялық келісімдер саласында, дамып келе жатқанын атап өтті. «Біздің елдеріміз арасындағы достықтың нығаюы көптеген онжылдықтар бойы айтарлықтай нәтижелер әкелетініне сенімдімін.
G20 саммитінде сізбен кездесуді асыға күтемін», — делінген телеграмма мәтінінде. Трамп сондай-ақ АҚШ компаниялары «Қазақстанның таңғажайып экономикалық жетістіктерінде маңызды рөл атқарды және атқара береді» деп атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысатынын растады.
Сайт деректерді сақтау үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз осыған келісесіз.