Реттеушінің 6 қазан күнгі сайтындағы мәліметтерге сәйкес, бір доллар енді 45,0564 гривен тұрады.
2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украина Ұлттық банкі доллар курсын 29,25 гривен деңгейінде бекіткен. 2023 жылдың 3 қазанында Ұлттық банк басқарылатын икемді курс енгізілгенін жариялап, валюталар курсын бақылауды жалғастыратынын, елеулі тербелістерге жол бермейтінін және қолма-қол және ресми курстар арасындағы айырманы минимизациялауға уәде берді.
