Тайс Томпсон дубль жасап, бір нәтижелі пас берді, Джастин Бейли 3 (1+2) ұпай жинады, ал Чейз Приски мен Мэйсон Морелли 2 (1+1) ұпаймен көзге түсті. Сонымен қатар, голдарды Логан Дэй, Кирилл Ляпунов және Ансар Шайхмедденов соқты.
«Салават Юлаев» құрамында Александр Жаровский, Девин Броссо, Шелдон Ремпал, Джек Родуолд және екі шайба соққан Данил Алалыкин көзге түсті. «Салават Юлаев» келесі матчын 16 қыркүйекте Қазанның «Ак Барсымен» өткізеді.

