Сонымен қатар, жоба мақсатты қорларды басқарудың жалпыұлттық жүйесін әзірлеуді қамтиды, бұл университеттерге қаржыландыру көздерін кеңейту мен әртараптандыруға мүмкіндік береді.
ЕНУ-дың эндаумент қоры 2021 жылдың 31 желтоқсанында құрылды және университеттің қаржылық тұрақтылығын арттыру мен жоғары білім саласындағы меценаттық мәдениетін дамыту үшін құралдардың бірі болды.
