Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондар мен жүлдегерлерге, жаттықтырушыларға және ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлес қосқан барлық мамандарға алғысын білдірді.
Президент қазақстандық спортшыларға ең беделді спорттық жарыстарда жаңа жарқын жетістіктер тіледі.
