Шешуші жекпе-жекте 90 кг-нан жоғары салмақта қазақстандық спортшы Өзбекстанның өкілі Жахонгир Зокировпен кездесті.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратынша, бірінші раунд 3:2 есебімен Оралбайдың пайдасына аяқталды, ал екінші кезеңде барлық судьялар қазақстандыққа басымдық берді.
Бұған дейін алтынды Торехан Сабырхан өз қоржынына салған.
